КФВ: БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
28/10/2025
III Азиатские юношеские игры
2025 Asian Youth Games
(20-26 октября 2025 г.; Бахрейн)
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының алтын мен қола медальдарын еншілеп елге оралды
Бахрейнде өткен Азия ойындарында жағажай волейболынан ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасын Алматы әуежайында жанкүйерлер сән-салтанатпен қарсы алды. Жаттықтырушылар, спорт федерацияларының өкілдері чемпиондарға айрықша құрмет көрсетті.
Ер азаматтардан жасақталған ұлттық құрама қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. Финалда біздің спортшылар Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш жұбы Таиланд командасын есебімен 2:0 жеңіп, (21:15, 23:21) тұғырға көтерілді.
Әйелдер құрамасы да осалдық танытқан жоқ: Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет жұбы жоғары ойын өрнегін көрсетіп, қола жүлдені суырып алды. Бұл жетістік еліміздегі әйелдер жағажай волейболының дамуына оң әсер ететін маңызды қадам.
Қазақстан волейбол федерациясының өкілдері бұл жеңіс жүйелі дайындықтың, жаттықтырушыларға жан-жақты қолдау көрсету мен спортшылардың табандылығының жемісті нәтижесі деп атап өтті.
Өз тарапынан жеңімпаздар қошемет көрсеткен барлық жанкүйер мен спорт жанашырларына ризашылықтарын жеткізіп, байрақты додадаларда ел сенімін ақтауға бар күштерін салатындарын айтты.









============
Генеральный партнёр КФВ - ФНБ «Самрук-Казына», АО «Евразиан Фудс Корпорэйш»
Официальный партнер - АО «Международный аэропорт Алматы»
Партнер КФВ - «Sport Qory», KazMinerals
=============================